12.04.2017, 18:01
Оқылды: 41

«Өрлеу» жобасына 1661 адам қатыспақ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Марат Тоқжанов осылай деді.


- Өңірімізде «Өрлеу» жобасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш жоба негізінде қарапайым халық ақшалай көмекпен қатар жұмыспен де қамтылмақ. Әлеуметтің әлеуетін көтеретін жобаға ағымдағы жылы 421 отбасы яғни 1661 адам қатыспақ. Наурыз айына дейін 445 адамнан тұратын 90 отбасымен әлеуметтік келісімге қол қойылған, - деді М.Тоқжанов.

Оның айтуынша, жылдан-жылға атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының біртіндеп азайып келе жатқаны көңіл қуантады. 2017 жылдың 1 наурызына дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 261 отбасына, оның ішінде 1048 адамға (9,3 млн. теңге) төленген. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 6045 отбасына, оның ішінде 15 419 балаға (72,0 млн. теңге) берілген.

Баспасөз мәслихатын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Марат Лұқпанұлы өңіріміздегі білім беру саласын дамыту, жаңа форматқа көшу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстарына тоқталып, қоғам бірлігін нығайтатын патриоттық шаралар мен азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған жобалар жалғаса беретіндігін мәлімдеді.

 Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

  

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале