3.07.2025, 21:00
Оқылды: 133

Өрт қауіпсіздігі талабын бұзғандар 52 млн теңге айыппұл арқалады — ТЖМ

Өрт қаупі кезеңі басталғалы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 3 397 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Ақша JP
— Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 52 миллион 116 мың теңгеге жетті. Өрт қаупі кезеңі басталғалы елімізде жалпы ауданы 27 мың гектар жерде 261 орман өрті, 16 дала өрті және 14,5 мың гектар жерде 1 357 шөп жану дерегі тіркелді, — деді Ерлан Төрегелдиев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі тілсіз жаудың алдын алу мақсатында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

— «Орман» және «Табиғат» ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарындағы бейнебақылау, ғарыштық мониторинг және төтенше жағдай геоақпараттық жүйесі арқылы өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, — дейді министрлік өкілі.
Оның айтуынша, орман алқаптарында су шашатын құрылғымен жабдықталған 24 әуе кемесі кезекшілікте тұр. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен 26 орман шаруашылығында 36 механикаландырылған бақылау бекеті орналастырылған.

— Табиғи өрттің алдын алу және жедел әрекет ету бойынша енгізілген модель адам әрекетінен туындайтын өрт санын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Орман өртінің 60%-дан астамы найзағай, тағы сол сияқты табиғи құбылыстардан пайда болса, 20%-дан астамы адам әрекетінің салдыран шығады, — деп түсіндірді Ерлан Төрегелдиев брифинг барысында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале