Орал қаласының Циолковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты. 7 ш.м, алаңда жеке заттар, қоқыс және ескі жиһаз жанды, - деп жазады ТЖМ.

Сурет: telegram.org
Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Қалың түтіннің салдарынан жоғарғы қабаттардан қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 9 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.