Өрт сөндіру саласында 10 жылдай қызмет атқарып келемін. Жас та болса, аса ауқымды салада жасап жүріп, талай өмір мен өлім арпалысына түсіп, халық үшін қызмет етудемін.
Өрт – адам жанын аямайтын тілсіз жау. Апат айтып келмейді. Бұл құбылыс – осы салада біраз жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан өзімізге аян. Төтенше жағдайлардан, оның ішінде өрттен халықты, түгел бір жанұяны алып қалу – біз үшін жетістік. Бұл сөзімнің куәсі ретінде жақында ғана болған өрт оқиғасы жөнінде әңгімелеп берсем.
2020 жылдың 2 наурызы күні 05 сағат 32 минутта №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне А. есімді азаматшадан Орал қаласы, Мяскомбинат 14, төрт пәтерлі уйдің №2 пәтерінің асхана бөлмесінің төбесі өртеніп қатты түтіндену болып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен болатын. № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына уақытында үлгеріп, жетсе, үйдің ішінде жеке заттар мен жиһаздар, тұрмыстық заттар жанып жатты. Үй-жай қатты түтіндеп, өткір иіс арасында пәтерде жасы келген үлкен кісінің өздігінен өрт орнынан сыртқа шыға алмай жатқанын анықтадық.
Міне, дәл осы кезде біздің қызметтік кәсібилігіміз сыналды. Табан астында тез әрі нақты шешім қабылдап, құтқару жұмыстарын жүргізе білу – өрт сөндірушіге тән қасиет деп ойлаймын. Біліктілік пен кәсіби шеберліктің арқасында бесінші қабаттан Г. есімді азаматшаны құтқарып, оқиға орнына жедел-жәрдем қызметін шақырып, улы түтіннен зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тілсіз жауды еңсерген едік. Өртті аз шығынмен уақтылы жойып, әрі қарай өрттің таралуына жол бермедік.
Өрт сөндіру саласы жауапкершілігі мол, өлім мен өмір арпалысына жиі түсетін, айтып келмейтін апаттан адамдарды аман алып қалуда ерекше біліктілікті қажет ететін сала екені даусыз.
Дәл осы салада абыройлы қызмет ету – менің басты міндетім!
Арыстанбек Тапалов,
өрт сөндіруші