Батыс Қазақстан облысының 112 пультіне Орал қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтердің балконынан қатты түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп жазады Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.

Фото сайт архивінен
Бөлімшелер келген кезде пәтерде жеке заттар мен жиһаз 7 ш.м. аумақта ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында куәгер әйел адамды құтқарып, өрт сөндірушілер оны әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Тұрғындар төтенше қызметтер келгенге дейін түтінге толған подъезден өз бетінше шығып үлгерді.
Өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.