Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқатар мүшелері жиналып, "Жайық Пресс" медиахолдингінде орналасқан №467 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
– Біздер, көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері "Қазақстан" атты ортақ елімізде тату-тәтті ғұмыр кешудеміз. Әрине, еліміздің ертеңі бізді де қатты алаңдатады. Біз бүгін өскелең ұрпақтың ертеңі үшін өз таңдауымызды жасадық. Ұл-қыздарымыздың, немере-жиендеріміздің біздер секілді бейбіт елде тұрмыс кешуін қалаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-дейді БҚО Татар мәдени орталығының төрайымы Флюра Миликеева.
zhaikpress.kz