16.07.2025, 23:35
Оқылды: 201

Орталық Азия чемпиондар лигасында ел намысын кім қорғайды

Шілденің 17-сі мен 23-ші аралығында Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында волейболдан Орталық Азия чемпиондар лигасы жарысы өтеді.

3acdb6a0-34d1-477c-a284-e5c0cf9fb03d

Қазақстан Волейбол федерациясының мәліметінше, биыл аталмыш додаға 5 елден 6 команда қатысады. Бұл турнир – сары құрлықтағы беделді бәсеке бірі.
Мальдив алаңын думанға бөлейтін шұбар доп шеберлері сынында ел намысын Оралдың «Жайық» командасы қорғайды.
Үздіктер жарысында сынға түсетін "Жайық" командасын танымал бапкер Виктор Козик бастап барады. Команда құрамын биыл ел чемпионатын жеңіп алған ойыншылар құрайды. Негізгі құрамның 8 волейболшысы турнирге қатысады. Олар: Евгений Гоф, Владимир Прокопьев, Әмірбек Бексарнинов, Виталий Эрдштейн, Сергей Окунев, Айдын Әділбеков, Володимир Ковальчук және Виталий Вореводин. Сонымен қатар бапкер еліміздің жетекші клубтарында өнер көрсететін мықты волейболшыларды қатарға қосты. Мальдив аралдарында «Жайық» сапында «Буревестник» ойыншылары Сергей Кузнецов, Клим Рюхов, «Ақтөбе» лидері Қадырхан Нодирханов және «Атырау» көшбасшысы Орал волейболының түлегі Петр Чурзин ойнайды.

cb797f25-cc08-419f-8f43-b81354b06f08

«Жайық» клубы турнирдегі алғашқы ойынын шілденің 17-сі күні өткізеді. Қарсылас – Шри-Ланканың «Ports Authority» командасы.
Бұл жарыс – тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар ел намысын қорғау миссиясы. Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Израиль мен Иран арасындағы геосаяси жағдайға байланысты Бахрейнде өтетін Ұлттар кубогына қатыса алмаған еді. Енді бұл жауапкершілікті отандық аренада сәтті өнер көрсеткен «Жайық» командасы арқалап отыр.
Волейболшыларға сенім артамыз және халықаралық аренада Қазақстанның спорттық беделін биіктетеді деп үміттенеміз.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале