Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді.
«Құрметті жерлестер! 22 шілде күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтың төрағалығымен өткен облыстық жедел штаб отырысында «Мирлан» орталық базарының аумағында (Досмұхамедов, Ахмиров, Кердері көшелері) орналасқан көтерме саудаға қатысты сын айтылған болатын.
Осыған орай, Орал қаласының әкімдігі Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі № 22-ПГВр қаулысын басшылыққа ала отырып, көтерме сауда орнын 2020 жылдың 25 шілдесінен бастап «Ел ырысы» базарына көшіру туралы шешім қабылдады.
Орталық базар ауданындағы ұйымдастырылмаған көтерме саудаға шектеу қою бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Тұтынушылар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен көтерме жеткізушілер, қабылданған шешімге түсіністікпен қарап, ішкі сауда қағидалары мен санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын.
«Ел ырысы» базарынан көтерме сауда үшін орындар тегін ұсынылады.
Ж.Досмұхамедов, Ахмиров, Кердері және Жұмағалиев (бұрынғы Фрунзе) көшелері бойынша көлік қозғалысы халықтың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында уақытша шектеледі.
Таңғы сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін аталған көшелерге жүк көліктермен (Газель), жеңіл автокөліктер тек сауда орталықтарымен кәсіпкерлік субъектілерге тауар түсіру үшін ғана рұқсат етіледі.
Аталған көшелерге тұрғындар тұрғылықты мекенжайға бару және сауда жасау үшін Қ.Жұмағалиев (бұрынғы Фрунзе) көшесі арқылы кіруге мүмкіндік жасалады.
Аталған шаралар короновирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында және азаматтардың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігі үшін қабылданған шаралар деп білерсіз. Карантиндік шаралардың сақталуы, қалада қалыпты жағдайға қайта оралудың басты кепілі екенін естен шығармайық» делінген жазбада.
Ертай Бимұханов
zhaikpress.kz