9 ақпан күні сағат 00.10-да БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің орталық байланыс нүктесіне Орал қаласы, 8 наурыз көшесі, 31-үй мекенжайындағы пәтер өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға болған жерге 4 минуттан кейін жеткен.
Оқиға орнынан полиция қызметкерлері денесін түгел жалын шалған 1936 жылғы үй иесін алып шықты. 30 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 01.42-де толықтай сөндірілді. Өрт сөндіруге 2 техника, 12 адам жұмылдырылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, қария қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілгенмен, көз жұмған.