9.06.2022, 11:00
Оқылды: 91

Өсімдіктер карантині бойынша көрсетілетін қызметтер

Орал қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Сондай-ақ оның міндетіне карантиндік нысандарды анықтау, оларды оқшаулау, жою, басқа мемлекеттерден ел аумағына әкелінуіне жол бермеу де жатады. 

OIP

Фотосурет: 2000agro.com.

Мемлекеттік инспектор осы қызметтерді жүзеге асыру үшін «Өсімдіктер карантині туралы» заңды, «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды» басшылыққа алады.

Өсімдіктер карантині саласында екі  мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл қызметтер: карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру және карантинге жатқызылған өнiмді ел аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру. Жеке және заңды тұлғалар карантиндік сертификат алу үшін өтінімді электронды құжат түрінде портал арқылы жолдайды. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны «электронды үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжатты портал арқылы тапсырғаннан кейін оның «жеке кабинетінде» сұранымының қабылданғаны көрсетіледі. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда карантиндік сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рәсімделеді. Фитосанитарлық сертификат алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге немесе мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде нысан бойынша өтінім, жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушының өкiлдiгіне өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжат ұсынады. Ал порталға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден  алады. Фитосанитарлық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбіреуіне беріледі. Бұл құжат  оның карантиндік жай-күйін куәландыруға жүргізілген залалсыздандыру, өнімді жеткізу барысындағы карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. Фитосанитарлық сертификат үш жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін көрсетіледі (сағ. 12:30-14:00 аралығында түскі үзіліс). Фитосанитарлық сертификат алу үшін өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 8:30-дан 17:30 аралығында жүзеге асырылады (сағ. 12:30-14:00 аралығында түскі үзіліс).

Тұрғындар мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылмайды және қызмет тегін көрсетіледі.

Әйгерім Әлжанова,

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы,

өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале