9.02.2022, 11:40
Оқылды: 27

«Оскар» сыйлығына номинанттар белгілі болды

Кино өнері және ғылым академиясы «Оскар» сыйлығына номинанттарды атады. 94-ші марапаттау рәсімі 27 наурызда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220208222229096e

Саны жағынан 12 номинация бойынша ұсынылған «Ит билігі» фильмі көш бастады.

«Жылдың үздік фильмі» номинациясындағы үміткерлер:

«Қорқынышты түс көшесі» (Гильермо дель Торо);

«Белфаст» (Кеннет Брана);

«Вест-сайд хикаясы» (Стивен Спилберг);

«Ит билігі» (Джейн Кэмпион);

«Дюна» (Дени Вильнев);

«Король Ричард» (Рейналдо Маркус Грин)

«Қызылмия пиццасы» (Пол Томас Андерсон)

«Жоғары қарама» (Адам МакКэй)

«Менің көлігімді жүргіз» (Рюсуке Хамагучи)

«CODA: саңырау ата-ананың баласы» (Сиан Кхедер).

«Үздік актер» аталымы бойынша Бенедикт Камбербэтч «Ит билігі» фильміндегі, Уилл Смит «Король Ричард» фильміндегі, Хавьер Бардем «Рикардо ретінде» фильміндегі, Дензел Вашингтон «Макбет трагедиясы» фильміндегі, Эндрю Гарфилд «Тик-ток ... BOOM!» фильміндегі рөлдері үшін ұсынылды.

«Үздік актриса» номинациясына Кристен Стюарт «Спенсер» фильміндегі Диана ханшайымын сомдағаны үшін, Николь Кидман «Рикардо ретінде» фильміндегі, Пенелопа Круз «Параллельдік аналар» фильміндегі, Оливия Колман «Бейтаныс қыз» фильміндегі және Джессика Честейн «Тэмми Фэйдің көздері» фильміндегі рөлдері үшін ұсынылды.

«Үздік режиссер» номинациясына ұсынылғандар – «Қызылмия пиццасы» фильмі үшін Пол Томас Андерсон, «Белфаст» фильмі үшін Кеннет Брана, «Ит билігі» фильмі үшін Джейн Кэмпион, «Вестсайд хикаясы» фильмі үшін Стивен Спилберг, «Менің көлігімді жүргіз» фильмі үшін Рюсуке Хамагучи.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале