Өскемен қаласында автобус қаққан 5 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 21 ақпан күні сағат 17.00 шамасында Бажов көшесінде болған.
- Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды аялдамадан түсірген кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, 5 жасар қызды қағып кетті. Соның салдарынан ол сол жерде мерт болған, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.