Бүгін бір жыл бұрын әскер қатарына келіп, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, алдарына қойылған қызметтік-жауынгерлік міндеттерді бұлжытпай орындаған сарбаздарды салтанатты түрде запасқа босату шарасы өткізілді. Атап өтер жайт, аталмыш сарбаздар бір жыл бойы Орал қаласынның көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті күзетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, облысымызда орын алған төтенше жағдай су тасқынына төтеп беру іс-әрекеттеріне белсене ат салысты. Осы орайда аталмыш іс-шара барысында өздерін үздік деп танытқан әскери қызметшілерге ардагерлер кеңесі және әскери бөлім басшылығының тарапынан арнайы қолсағаттар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара соныңда әскери оркестр сарбаздарға ән шашу жолдады.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі