8.05.2025, 17:45
Оқылды: 385

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

Бүгін ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

улан 7 май11

Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының ардагері Кочережкин Константин Леонтьевич, Ұлттық ұланның ардагерлері, қала мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Шара барысында әскери қызметте ерекше көзге түскен сарбаздар мен офицерлер кеуде белгілерімен және алғыс хаттармен марапатталды.

улан 7 май13

Сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақ түрлері, әскери киім үлгілері қойылған көрме ұйымдастырылып, келген қонақтар назарына ұсынылды.

Салтанатты шара әскери оркестр мен бөлімнің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Мерекелік шара барысында ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Бекайдар Қазкеев және өңірлік қолбасшылықтың ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Бақытжан Бердиев қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

улан 7 май15

Олар еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери қызметтің маңыздылығына тоқталып, жас ұрпақты Отанға адал қызмет етуге шақырды.

улан 7 май16

Шара соңында ардагерлер мен қонақтарға дәстүрлі сарбаз ботқасы ұсынылды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале