7.05.2022, 17:16
Оқылды: 65

Отан қорғаушыларға құрмет

Бүгін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толды. Облыс әкімі Ғали Есқалиев осы айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты.  

IMG-20220507-WA0055

Облыс орталығындағы Оқушылар және жастар сарайының ауласына 30 түп қайың мен терек отырғызылды. Жасыл желек егуге Орал қаласындағы әскери-патриоттық тәрбие беретін «Жас сарбаз» сыныптарының шәкірттері де атсалысты.

IMG-20220507-WA0036

Одан әрі мерекелік іс-шара «Атамекен» өнер ордасында жалғасты. Салтанатты жиында Мемлекеттік Ту ортаға әкелінді.

IMG-20220507-WA0037

Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімнің үрмелі аспаптар оркестрі Гимнді орындады. Әнұранды залдағы көрермен, әсіресе Ұлттық Ұлан сарбаздары да қосыла шырқады.

IMG-20220507-WA0057

– Құрметті Отан қорғаушылар, сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын! Отан қорғаушылар ежелдан-ақ намыс пен айбардың, ерлік пен батырлықтың, патриотизм мен өз халқына қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болған. Қазақстандықтар өз өмірін бостандық пен тәуелсіздік үшін қиған қаһармандардың ерлігін жадында сақтап келеді. Сіздердің жауынгерлік наградаларыңыз – қазақстандық отбасылар үшін баға жетпес жәдігер. Бүгінгі күні бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға облыстың түрлі күштік ведомство өкілдері үлестерін қосып келеді. Құрметті офицерлер мен сарбаздар, айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең байтақ жерімізді  жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады. Бүгінде әскеріміз тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың үлгісін көрсетуде. Бұл мерекеде біз  өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсетеміз. Ерлік, міндет, абыройды қатар алып жүрген әскери қызметшілерге және қорғанысымызды қамтамасыз ететін  азаматтарға алғыс білдіремін. Сіздердің қызметтеріңіз еліміздің тәуелсіздігі мен  әр шаңырақтың тыныштығының кепілі. Айбынымыз әрдайым асқақ, байрағымыз қашанда биік болсын,– деген Ғали Нәжімеденұлы  прокуратура, полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен шекарашылардың  маңызды қызметін атап өтті.

IMG-20220507-WA0086

Салтанатты жиында облыс басшысы бір топ әскери қызметшіні марапаттады. Алдымен қасіретті қаңтарда әскери борышын атқару үстінде қаза тапқан  әскери қызметкер, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, подполковник Сәндібек Хаировтың ата-анасына құрмет көрсетті. Сәндібек Хаировтың әкесі Ғалимолла Нұрсайынұлы мен анасы Жұмағаным Жұрхабайқызына алғысхат табыс етті.

IMG-20220507-WA0087

Мерекелік марапатқа ҚР Қауіпсіздік қызметінің ардагердері Лұқпан Мұхамедиев, Ават Измайлов, Ауған соғысы ардагерлері Таһир Косчанов, Жұмабай Телеупов және шекара, полиция, ҚР Әуе қорғаныс күштерінің, әскери бөлімдердің қызметкерлері ие болды.

IMG-20220507-WA0065

IMG-20220507-WA0049

IMG-20220507-WA0048

Отыз жылдыққа арналған салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

IMG-20220507-WA0066

Облыстың танымал әншілері мен полиция департаментінің вокал тобы «Батыс қырандары», «Мемлекетім менің», «Тәуелсіздік таңы» сынды патриоттық әндерді шырқады.

IMG-20220507-WA0075

Оларды облыстық эстрадалақ-симфониялық оркестрі мен 5517 әскери бөлімнің үрмелі аспаптар оркестрі сүйемелдеді.

IMG-20220507-WA0062

Мың бұралған бишілер де көрерменнің көзайымы болды.

Айна Имашева,

Фотосурет: Рафхат Халелов

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале