7.03.2018, 11:32
Оқылды: 57

Отандық сәнгерлердің киімі – Оралда (ФОТО)

1«Asia mall» сауда орталығында орналасқан «The most» дүкені оралдық сәнқойларға есігін ашты. Бұнда 13 отандық сәнгердің киімдері ұсынылған. Дүкен иесі Мәдина Чудрованың айтуынша, бұл сан жақын уақытта 15-ке жетеді. Дүкеннің ашылуына Динара Сәтжан, Наиль Байкучуков, Нұрлан Әлімходжаев сияқты отандық дизайнерлер арнайы келді.

Мәдина Рамазанқызы - Оралдың тумасы. Қаламыздағы №11 мектепті бітірген ол жоғары білімді Алматы қаласында химик технолог мамандығы бойынша алады. Білімқұмар жерлесіміз АҚШ-та білімін жетілдіріпті.

- Өз мамандығым бойынша абыройлы қызмет атқардым. Кейін тұрмысқа шықтым. Ана атандым. Бала күтімімен үйде отырғанда, кәсіп жасағым келетінін түсіндім. Қазір осы салада жүргеніме қуаныштымын. Өзімді таптым,- дейді жас кәсіпкер.

Бизнеспен айналысқанына үш жылдай болған Мәдина бүгінде табысты кәсіпкер. Орал қаласында сұлулық салонын, косметика дүкенін ашып үлгерген.

- Алайда оралдық сәнқойларға ерекше дүние керектігін сездім дейді. Бұл бір күнде жасалынған нәрсе емес. Бәрін ойластырдық. Бір қуантарлығы, қазір қазақстандықтар отандық сәнгерлерге сенеді. Олардың киімін кию сәнді деп есептейді. Мәселен, «Aida KaumeNOVA» бренді fashion әлемінде жемісті де қарқынмен дамып келе жатыр. Жыл сайын киімдер коллекциясы «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығында көрерменге ұсынылады. 2010 жылы Аида Кауменова «Алтын сапа» жүлдесінің лауреаты атанды. Сонымен қатар аталған бренд 2013 жылы «Luxury Lifestyle Awards» халықаралық жүлдесінің «үздік отандық сәнгер» аталымы бойынша лауреат атанды,- дейді жас кәсіпкер.

Қазақстандық сәнгерлердің туындылары тізілген дүкеннің ашылуына Динара Сәтжан келіп, сәттілік тіледі.

- Жас мемлекет болсақ та, дизайнерлеріміз көбейіп келеді. Өз өнімімізді өзіміз қолдамасақ, кім қолдайды? Бұл – өте маңызды. Жақын аралықта импорттық киімді тастаймыз деген ойдамын. Мен өзім жас сәнгермін. Алайда жоспарлар, идеялар көп. 8 наурызда Мәскеудн коллекциямызды таныстырамыз, - дейді сәнгер.

Айта кетейік, оралдықтар дүкен сөресінен «Aida Kaumenova», «Hayali», «Jaka», «Gaukhar Kassen», «Aisho», «zhsaken», «Dinara Satzhan», «Naiyl Baikuchukov» және тағы басқа белгілі сәнгерлердің киімдерін таба алады.

Айдана Хамидуллина

zhaikpress.kz

Фото Aslbek Creative Moments

ATB_5659 - копия ATB_5649 - копия ATB_5648 - копия ATB_5624 - копия ATB_5613 - копия ATB_5539 - копия ATB_5524 - копия

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале