Өзбекстан астанасы Ташкентте жеңіл атлетикадан Silk Road to Paris халықаралық турнирі мәреге жетті, деп жазады Olympic.kz.
Аталған сында Қазақстан командасы төрт медаль жеңіп алды.
Атап айтар болса, 200 метрге жүгіруден Ольга Сафронова, биіктікке секіруден Елизавета Матвеева, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов чемпион атанды.
Ал 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Юлия Башманова қола медаль иеленді.