4.02.2021, 22:41
Оқылды: 21

Отаның жаңа түрін меңгеруде

Сәрсенбіде Оралға елордадағы Президент іс басқармасы медициналық орталығынан дәрігерлер келді. Олар облыстық кардиологиялық орталықтың хирургтарына шеберлік дәрісін өткізді.

ота1

– Кардиоанестезиолог пен аритмологты қоса алғанда үш адамнан тұратын топ жергілікті мамандарға практикалық көмек көрсету мақсатында бірнеше күнге келдік. Батысқазақстандық дәрігерлер енді ота жасауда шағын инвазивті әдісті өз бетінше қолдана алады. Егер бұрын пациентті қалпына келтіру үшін үш ай қажет болса, бұл жағдайда басқаша, яғни ота сәтті әрі асқынусыз өтсе, қысқа уақыттан кейін пациент үйіне барып, кеңселік бағыттағы жұмысына кірісе алады. Екі айдан кейін ауыр физикалық еңбекке кірісуіне рұқсат етіледі, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургі Әлібек Тойбаев.

Сол күні елордалық мамандар 60 жастан асқан ер адамдардың жүрегіне екі шағын инвазивті ота жасады. Артынан мұндай отаны елордадағы әріптестерінің бақылауымен жергілікті хирургтар өздері жасады.

– Барлығы жақсы өтті. Пациенттер өздерін жақсы сезінуде. Бұл ота өте күрделі,
өйткені жұмыс жасап тұрған жүрекке жасалады. Көшпелі ота – әрдайым дәрігерлер үшін күйзеліс. Себебі емделушілердің өмірі үшін үлкен жауапкершілік бар. Оралдық әріптестер де енді кеуде қуысын ашпай ота жасай алады, - деп атап өтті Әлібек Тойбаев.

 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале