27.12.2023, 13:00
Оқылды: 37

Отарлау қай ғасырда күшейді?

ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары патша үкіметі Орта Азия мен Қазақстан халықтарын бағындырудың жаңа әрекеттерін бастайды. Осы ойларын орындау үшін, Каспий жағасынан Зайсанға дейінгі аралықтағы жерлерді көздеп, әуелі әскери бекіністерін салады.

жп дала

Бүгінде белгілі болғандай ХІХ ғасырдың 40-50 жылдардағы қазақ жерін қамтыған ұлт-азаттық көтерілістердің шығуына түрткі болған себептердің бірі - осы қазақ жерінде бой көтерген бекіністердің салынуы еді.

Сондай бас көтерулердің бірі 1847-1858 жылдары болған Есет Көтібарұлы жетекшілік еткен көтеріліс болатын. Патша үкіметінің отарлық саясатына түбегейлі қарсы болған көтерілісшілер Орта Азияны Ресеймен байланыстыратын сауда жолдарын жауып тастайды.

Кейбір деректер бойынша Есет Көтібарұлының жасақтары 1500 адамға жеткені айтылады. Көтерілісті басып-жаншу үшін патша үкіметі полковник Кузьминский басқарған казак отряды, жазалаушыларды қолдаған сұлтан Арыстан Жантөрин отряды және Орск, Ырғыз бекіністерінен алынған қосымша күштер тартылады.

Жазалаушылар қазақ даласында бейбіт отырған 3 210 ауылды ойрандап, қазақ ауылдарын тонай бастайды. Бұл хабарды естіген Есет батыр халықтың басын қатерге бермеу үшін қарсыласуды тоқтатуға шешім қабылдайды.

Алайда патша әкімшілдігі алдына жазалауды тоқтату, көші-қоң аймағын тарылтуды тоқтату секілді бірқатар талабын да қоя біледі. Қорыта айтқанда Есет батыр көтерілісі қазақ жерінде бой көтерген бекіністерге қарсы болған бас көтерулердің ең ірісі болды.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале