22.02.2022, 14:30
Оқылды: 46

«Отбасы банк» АҚ директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды

Кеше «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3ed285c08ea648e3be6ac7652cb6159e

Осыған дейін 2022 жылдың 16 ақпанында «Бәйтерек» холдингінің басқарма отырысында «Отбасы банк» АҚ директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланған болатын.

Олар Әділ Мұхамеджанов пен Санжар Жамалов болды. Сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Ерсайын Хамитов, Тәуелсіз директорлар Нұрлан Тоқобаев пен Эльмира Ермекова банктің Директорлар кеңесіне қайта сайланды.

Отбасы банк директорлар кеңесі барлығы жеті адамнан құралған.

Әділ Мұхамеджанов пен Ерсайын Хамитов банктің директорлар кеңесінде «Бәйтерек» холдингінің мүддесін қорғайтын болады.

Санжар Жамалов Отбасы банк директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде сайланды. Ол Аудит, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитеттеріне жетекшілік етеді. Сондай-ақ Санжар Жамалов Алматыдағы «ING Bank» қаржы құрылымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы қызметін атқарады, сондай-ақ CFA Charterholder (қаржы сарапшысы) сертификатына ие. Ол 2007 жылы Карлов университетін (қаржылық математика бакалавры, математика және физика факультеті), 2010 жылы Ньюкасл университетін (халықаралық қаржылық талдау магистрі) тәмамдаған. Қазіргі уақытта Кембридж университетінде (Executive MBA, Judge Business School) білімін жалғастыруда.

Отбасы банк директорлар кеңесінің қайта сайланған мүшесі, тәуелсіз директор Нұрлан Тоқобаев Тәуекелдерді басқару комитетіне жетекшілік етеді. Сондай-ақ ол «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС және «Оптима Банк» (Кыргызстан) ААҚ директорлар кеңесіне кіреді. Ал бұған дейін Нұрлан Тоқобаев «Advance Bank of Asia (Камбоджа) және «Визор Капитал» АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры, сондай-ақ ««Кредит-Стандарт» Коммерциялық Банк» АҚ (Өзбекстан) Басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің төрағасы болған. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылыс жинақтары және ипотекалық несиелендіру туралы заң жобаларын әзірлеуге қатысқан.

Отбасы Банк директорлар кеңесінің қайта сайланған мүшесі, тәуелсіз директор Эльмира Ермекова Кадрлар, сондай-ақ Сыйақылар және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комитеттерге жетекшілік етеді. Осыған дейін ол «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің оқыту орталығы» АҚ Басқарма төрайымы қызметін, «Казкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры лауазымында болған. Эльмира Ермекованың қаржы секторында 18 жылдық жұмыс өтілі бар, оның ішінде ол ҚР Ұлттық банкі, «Халық банк» АҚ, «Қазақинстрах» АҚ кадрлар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

«Отбасы Банк» АҚ директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі – үш жыл.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале