7.10.2025, 17:00
Оқылды: 69

Отбасы банк арендалық тұрғын үйді таратуды бастайды

Қазан айынан бастап Отбасы банк еліміз бойынша арендалық тұрғын үйді бөлу процесін бастайды, - деп жазады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

_gluster_2025_10_6_f45c51be1898c4acf56b269bf0cc9f7c_1280x720 (1)

Сурет: gov.kz

Жаңа тұрғын үй реформасына сәйкес, пәтерлер азаматтардың кезекке тұрған күні мен табыс деңгейіне қарай үлестіріледі.

Кезекте тұрған азаматтар Отбасы банк сайтында жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.

Толық нұсқаулық — видеода.

Қиындықтар туындаған жағдайда, азаматтар ХҚКО-дағы және Отбасы банк бөлімшелеріндегі өзін-өзі қызмет көрсету аймақтарына жүгіне алады.

Назар аударыңыз:

Егер табыс туралы актуалды мәліметтер болмаса, азаматқа арендалық тұрғын үй берілмеуі мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале