Өңірлерде кезекте тұрғандар үшін «Отбасы банк» арқылы сатылатын 9,8 мың кредиттік тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Сенаттың тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесіне арналған Үкімет сағатында айтты.
«Биыл біздің алдымызда барлық қаржыландыру көздері есебінен 15,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 137,7 мың тұрғын үй салу міндеті тұр.
Жүргізіліп жатқан тұрғын үй саясаты шеңберінде 7 мыңнан астам азамат сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, өңірлерде кезекте тұрғандар үшін «Отбасы банк» арқылы сатылатын 9,8 мың кредиттік тұрғын үй салынып жатыр», - деді вице-министр.
Оның айтуына қарағанда, 6,1 мың кезекте тұрған азаматты 2%-дық мөлшерлеме бойынша, 7,8 мың кезекте тұрған адамды 5% мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамту көзделген.