28.09.2023, 13:01
Оқылды: 98

Отбасы құндылықтары әрдайым күн тәртібінде

Жуырда «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесі және Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауынан туындаған міндеттер мен жұмыс бағыттарын айқындауға арналды. Шараға мемлекеттік органдардың, коммуналдық мекемелердің жауапты қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

81051134-8675-4e7c-aa4d-ce538d8d3e11

Партия жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес партия жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Сонымен қатар партияның 2023 – 2027 жылға дейінгі «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасының отбасы институтын нығайту, аға буын өкілдерінің, мүгедектігі бар адамдардың, қиын жағдайға тап болған әр отбасының өмір сүру сапасын арттыру, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін қамтитын «Әлеуметтік қамқорлық» бағыты бойынша тиімді іске асырылуына мониторинг пен бақылау жүргізеді.

9d07e5ba-310c-44d9-96f7-6536763cfb64

Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» партиялық жобаларды талқылау арқылы Жолдаудың негізгі бағыттары бұдан әрі жүзеге асатынын жеткізді.

Отырыста «AMANAT» партиясы БҚО филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының тренері Зульфия Тынымгерейқызы Кубеева инновациялық бизнес-ахуал бағытындағы кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту және «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы туралы біршама ұтымды ойларын жеткізді. «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға негізгі тетік бола алатындығына дәлелдеме келтірді.

Дөңгелек үстелде сөз алғандардың бірі - М.Өтемісов атындағы университетінің аға оқытушысы Тұрар Шайхиев. Ол қоғамның санасын өзгерту арқылы  ұлттық сананы қалыптастыру  – уақыт талабына жүктелетіндігін жеткізді.

8150aa60-2abf-4fbe-ae85-1dd646431263

Ал халықтың әлеуетін жақсартудағы мемлекеттік басқарудың реформасы тұрғысындағы міндет-мақсаттарына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы БҚО бойынша филиалының аға оқытушысы Рысканым Жолболсынқызы Бахтиярова тоқталды.

8be03fb5-fa1a-41db-8d76-9da6ebab29ec

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы Шалқыма Құрманалина да дөңгелек үстелге белсенді түрде атсалысты. Оның көтерген басты тақырыбы отбасы құндылықтары жайлы болды. Ш.Құрманалина аналар кеңесінің мақсат-міндеттерін тізбектей келе, отбасы құндылықтарын насихаттауда кеңестің алдыңғы қатарлы қызметтерді атқаратынын айтты.

Шара да депутаттардың да өзіндік баяндамалары оқылды. Оның ішінде балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық мәслихаттың депутаты Борис Лаврентьев болды. Ол Жолдауды іске асыру шеңберінде біршама мәселе көтерді. Сонымен қатар процес барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды қорғау керектігін айтты.

Отырыстың қортынды сөз кезегі «Ақ отау» ҚБ төрағасы, БҚО ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Алтынай Искалиеваға берілді. Ол өз кезегінде жиынға қатысушыларға «мың түрлі құбылған жаһандану жағдайында отбасы институтын сақтау керек және оны кеңінен насихаттауымыз керек» деп үлкен үндеу тастады.

 

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале