15.09.2022, 9:01
Оқылды: 49

Отбасы – мейірім ошағы

Орал «Сервис» технологиялық колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Отбасы күніне арналған «Мейірімділік ошағы  – отбасы» атты бенефис ұйымдастырылды.  Шараға «Отбасы» орталығының психолог маманы Индира Шүкірбаева, «Отбасы хрестоматиясы» кітаптарын насихаттаушы Сәуле Якиев және өзге де қонақтар қатысты.  

c4170337-fd0c-4bb9-bcf4-416612073203

Бенефисте отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, отбасындағы жайлы қарым-қатынас туралы өзекті ойлар ортаға салынды. Спикерлер баланың кішкентай кезінен отбасы құндылықтарын сезініп, бағалап өсуі маңызды екенін ерекше атап өтті. Сәби шағынан ата-ананың өз жауапкершілігі бар екенін түсініп өскен бала өскен соң, ата-анасынан көргенін жасайды. Сондықтан балаға сөзбен емес, іспен үлгі бола білу бәрінен де маңызды  болып қала бермек.

Шарада студенттер спикерлерге сұрақтарын жолдап, жауап алды. Ән-бимен өрілген әдемі кеште отбасына құрметпен қарай білу, қоғамға пайдасы тиетін ұл мен қыз тәрбиелеу жөнінде өткір пікірлер айтылды. «Отбасы – ұрпақ  тірегі» атты кітап көрмесіне жасалған библио-графиялық шолу да студенттерге ой салды. Кеш соңында Сәуле Алдашқызы колледж кітапханасына «Отбасы хрестоматиясы» кітаптарын сыйлыққа тарту етті.

Айнұр Ильясова,

Орал «Сервис» технологиялық колледжі  кітапханасының меңгерушісі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале