15.05.2025, 16:45
Оқылды: 180

Отбасы — Отан тірегі

15 мамыр — Халықаралық отбасы күні елімізде кең көлемде аталып өтуде. Бұл мереке — әр отбасының қоғамдағы маңызын дәріптейтін айтулы күн. Осыған орай, ҚР ының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде де тағылымы мол іс-шаралар өтіп, бірлігі бекем әскери отбасылардың еңбегі ұлықталуда.

e6782fda-485b-4b9b-b73a-a307024a9a3d

Қазіргі таңда бұл өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдерде 40-қа жуық әскери отбасы Отан қорғау ісіне белсенді атсалысып келеді. Қатал тәртіп пен темірдей жауапкершілікке қарамастан, олар қызмет пен тұрмысты ұштастырып, елге адал қызмет етудің үлгісін танытып отыр. Мұнда отбасы — сарбаздың рухани тірегі, ал отбасындағы береке мен өзара түсіністік — табысты қызметтің басты кепілі.

ca7d0aba-5d02-46d9-8159-779433de325c

Мерекеге орай әскери бөлімдерде отбасылық спорттық шаралар өткізілуде. Бұл игі бастама ұжым ішіндегі ауызбіршілікті арттырып, әскери отбасылардың қоғамдағы рөлін тереңірек ұғынуға мүмкіндік беріп отыр. Шаралар әскерилер мен олардың жанұяларына рухани серпін беріп, жағымды эмоциялар сыйлауда.

 

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

83770b81-1493-4ac9-b00a-77ae382fc82a

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале