21.07.2023, 0:29
Оқылды: 51

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында дөңгелек үстел өткізілді

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы А.Ө.Ізбасаровтың, БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Ж.Ж.Жаншиннің әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьяларының, прокуратура,  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, Орал қаласы ПБ әкімшілік полициясы, олардың саптық бөлімшелері басшыларының, алкоголь немесе есірткіні тұтынған деген күдік бойынша жүргізушілерде мас болу фактісін анықтау тұрғысынан куәландыру жүргізетін нарколог-дәрігерлердің қатысуымен жеке құраммен дөңгелек үстел өткізілді.

WhatsApp Image 2023-07-20 at 16.43.38

Шара барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу, Полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтарумен байланысты әкімшілік істердің қаралу барысындағы туындаған сұрақтар талқыланды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы А.Ө.Ізбасаров 2023 жылдың алты айдың қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес өңірде әкімшілік құқық бұзушылықтардың азайғандығын атап өтті.  Облысымыздың соттарымен ағымдағы жылдың алты айында іс жүргізуіне 6040 іс түсіп қаралса, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 6391 істі құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны 351 іске азайған.

WhatsApp Image 2023-07-20 at 16.43.39

Көліктегі және масаң күйде көлік басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар едәуір көлемде азайған.

Дегенменде, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруына байланысты аталған санаттағы істердің қарау кезінде көптеген проблемалық мәселелердің туындап отырғаны жасырын емес.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жауапкершіліктен жалтару мәселелерін, себептері мен жағдайларын айтты. Судья Ернар Халыков аталған санаттағы істерді қарау кезінде азаматтардың заңмен кепілдік берілген құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ медициналық куәландыруды жүргізу тәртібі мен рәсімдері жиі бұзылатындығын,  нәтижесінде бұл әкімшілік істердің тоқтатылуына әкеп соғатындығын атап өтті. Тиісінше, заңнама талаптарын  және азаматтардың құқықтарын бұза отырып жасалған, ұсынылған дәлелдемелер мен құжаттар жол берілмейтін болып танылады, бұл көлікті мас күйінде басқаруға күдік бойынша ұсталған адамдардың әкімшілік жауаптылықтан құтылып кетуіне әкеп соғатындығын назарға жеткізді.

Сондай-ақ алғашқы куәландырумен келіспеген азаматтардың құқықтарын міндетті түрде сақтау қажеттілігі, егерде бастапқы қорытындымен келіспеген жағдайда белгіленген мерзімде қайта куәландыру рәсімін жүргізуді қамтамасыз ету міндеттілігі айтылды.

WhatsApp Image 2023-07-20 at 16.43.39 (1)

Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерден туындап отырған мәселелерге де назар аударылды. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында 2023 жылғы 20 сәуірдегі заңымен  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ӘҚБтК-нің 64-бабына енгізілген өзгерістер жәбірленушілердің шағымынсыз (яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Егер бұрын жәбірленушіден арыз талап етілсе, енді тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша уәкілетті орган істі қозғайды. Соңғы шешімді сот қабылдайды.

Тараптардың татуласу мүмкіндігін алып тасталуы. Енді бір-ақ рет татуласу мүмкін болады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған адамдар, егер олар жәбiрленушiлермен, арызданушылармен, оның iшiнде медиация тәртiбiмен татуласса және келтiрiлген зиянды өтесе, сот әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасағаны жазалау шарасы қатаңдатылып, әкiмшiлiк қамаққа алудың нақты мерзiмдерi белгiлендi, сондай-ақ қайталап жасалған құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк қамаққа алудың мерзiмдерi 25 тәулікке дейін ұзартылды.

WhatsApp Image 2023-07-20 at 16.43.41

Іс-шараға қатысушылар жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретін бірыңғай іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Полиция қызметкерлеріне әрбір іс бойынша мән-жайларды уақтылы, жан-жақты, толық және объективті анықтау, сондай-ақ БҚО ПД басшылығына әрбір полиция қызметкерінің жауапкершілігін арттыру және бақылауды күшейту ұсынылды. Ал, наркодиспансердің басшылығына, нарколог-дәрігерлерге куәландыру кезінде заңдылықты сақтау қажеттілігі ұсынылды.

 

БҚО ПД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале