8.09.2024, 18:00
Оқылды: 192

Отбасының цифрлық картасы қандай бағытта дамытылады

Отбасының цифрлық картасы іске қосылған сәттен бері тура 2 жыл уақыт өтті. Карта енгізілген кезеңнен бергі алғашы нәтиже қандай? Бүгінде жобаның игілігін қанша адам көріп отыр? Алдағы уақытта картаға тағы қандай әлеуметтік көмек түрлері енгізілмек? Kazinform тілшісі осы сауалдарға жауап іздеп көруге тырысты.

1Сурет: inbusiness.kz

Карта арқылы қандай көмек түрлерін алуға болады?

Есте болса, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Отбасының цифрлық картасы арқылы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 11 түрі және хабарламалардың 3 түрі бойынша қызметтер алу мүмкіндігі ұсынылған еді. Олар:

- баланың тууы бойынша, бала күтімі бойынша, мүгедектігі бар бала күтімі бойынша, жұмыссыздық бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер, мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, күміс алқа немесе алтын алқа наградталған көп балалы отбасылар, АӘК;

- зейнетақы төлемдері, жұмысқа орналастыру бойынша хабарламалар;

- қандастарға хабарламалар.

2022 жылғы қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін 1 230 630 мың азаматқа мемлекеттік қызметтер көрсетуге келісім алу үшін тиісті SMS жолданды, оның ішінде 720 мыңнан астам азаматқа тағайындалды.

Жоба қандай бағытта дамытылады?

2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы толыққанды іске қосылды. Оның мақсаты - қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Картасы әл-ауқаттың әртүрлі салаларындағы отбасылардың осалдықтары мен тәуекелдерін анықтауға және өмірлік қиын жағдайдың деңгейін проактивті форматта, яғни қиын жағдайда жүрген адамдардың өтінішінсіз анықтауға мүмкіндік береді.

Отбасының цифрлық картасы отбасының әл-ауқат деңгейін экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, денсаулық, білім бойынша бағалайды. Сондай-ақ, отбасыларды 5 санатқа бөледі:

А - әл-ауқаты жақсы

B - қанағаттанарлық

С - тұрмысы нашар

D - дағдарыс

Е- қиын жағдайда.

Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн-на астам азамат туралы деректер жиналды. Олар 6,3 млн отбасына бөлінген.

Айта кетерлігі, Отбасының цифрлық картасы қазірдің өзінде отбасының аумақтық орналасуы туралы мәліметтерді, ең бастысы - әлеуметтік-экономикалық, тұрғын үй жағдайлары, отбасы мүшелерінің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және басқа да тіршілік салаларына қажеттіліктері туралы ақпаратты қамтиды. Карта отбасының осалдықтары мен тәуекелдерін, әл-ауқат индексін анықтауға, отбасының қиын өмірлік жағдайының деңгейін бағалауға, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен әкімдерге өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу үшін өңірлердегі ахуалды талдауға мүмкіндік береді.

Отбасының цифрлық картасы мәліметтері бойынша отбасылардың (адамдардың) әлеуметтік әл-ауқатына жүргізілген талдау негізінде бүгінде әкімдер үшін «дағдарыс» және «қиын жағдайда» санаттардағы отбасылар санын азайту бойынша KPI (тиімділіктің негізгі көрсеткіші) белгілеу ұсынылады.

Жылдық индикаторларды белгілей отырып, осы санаттардағы отбасылар санын азайту бойынша өңірлердің рейтингін есептеудің тиісті әдістемесі әзірленді. Әкімдердің рейтингі пайыздық мәнде төмендеудің жылдық индикаторларына қол жеткізуді ескере отырып бағаланады. Отбасыларды неғұрлым «әл-ауқаты жақсы» санаттарға шығару үшін облыс әкімдері үшін KPI белгіленді. Өңірлер рейтингінің қорытындылары Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде пайыздық мәнде төмендеудің жылдық индикаторларына қол жеткізуді ескере отырып бағаланады.

Қазіргі уақытта деректері жаңартылмаған отбасылар саны мен D және Е санатындағы отбасылар санын азайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты табысы, активтері, медициналық сақтандыруы жоқ адамдарды анықтау, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу және оларға тиісті қолдау шаралары мен консультациялар беру бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қызмет көрсету аясында адамның портретін беру бөлігінде Отбасын қолдау орталығы қызметкерінің FSMSOCIAL автоматтандырылған жұмыс орнымен Отбасының цифрлық картасын интеграциялау жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, FSMSOCIAL автоматтандырылған жұмыс орнымен жасалып жатқан жұмыстар аясында менеджмент кейсін жүзеге асыру жоспарланған.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың 30 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған және олардың мәліметтері негізінде отбасының құрамын автоматты түрде айқындайды және отбасылардың өмір сүру деңгейін бағалауды қалыптастырады. Қазіргі уақытта барлық интеграциялар «Smart Data Ukimet» арқылы жүзеге асырылады. Отбасының цифрлы картасы, өз кезегінде «Smart Data Ukimet» мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен қажетті интеграцияларға ие.

Картаға тағы қандай әлеуметтік көмек түрлері енгізіледі?

Қолданыстағы цифрлық платформаны жаңғырту мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық ресурстармен қосымша қажетті интеграцияларды іске асыруды, әлеуметтік қызметкерлер үшін мобильді қосымшаларды әзірлеуді көздейді.

Жаңғыртылған әлеуметтік картаны іске асыруды ескере отырып әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделі келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

- Отбасылық тұрмысы төмендеудің алдын алу мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды (адамдарды) автоматты режимде анықтауды ұйымдастыру;

- Отбасының әр мүшесінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, отбасының (адамның) қажеттілігін кешенді бағалау;

- Тіршілік әрекетінің бес негізгі саласындағы (әлеуметтік жағдайлар, жұмыспен қамту, экономикалық жағдайлар, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй жағдайлары) әлеуметтік теңсіздік көріністерін терең талдау мүмкіндігімен осал отбасылар (тұлғалар)туралы жан-жақты, бөлшектелген және жаңартылған ақпаратты жүргізу;

- Отбасына (адамға) тиімді қолдау шараларын көрсетуде және оны өмірлік қиын жағдайдан тезірек шығаруда әртүрлі ведомстволардың күш-жігерін шоғырландыру;

- «Ешкімді артта қалдырмау» қағидатын іске асыру;

- Деректерді жинау, өңдеу және мониторингілеу саласындағы мемлекеттік функциялардың қайталануын болғызбау;

- Отбасының қажеттіліктерін бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын оңтайландыру;

- Қоғамның нақты проблемалары мен қажеттіліктері негізінде бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру.

Ең бастысы, елдегі барлық ұсынысты жүзеге асырған жағдайда, оның әрбір мүшесінің қажеттіліктерін (осалдықтарын) ескере отырып, өмірлік циклдің барлық кезеңінде отбасын сүйемелдеу институтын құру мүмкіндігі пайда болады. Содан кейін мемлекеттік органдардың әрекеттері пандемия көрсеткендей, зардаптармен күресуге емес, отбасының (адамның) осалдықтарының алдын алуға бағытталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале