25.01.2021, 16:16
Оқылды: 15

Өтініш қараусыз қалмайды

Өткен сенбіде облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасы Ғали Есқалиев онлайн сипатта азаматтарды қабылдады.

C0E755FE-953D-406D-8BAF-35378A179341

Бейнебайланыс сипатында өткен қабылдауға Орал қаласы және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен мекеме-кәсіпорын басшылары да қатысты.

Қабылдауға жазылған өңір тұрғындары негізінен жұмысқа орналастыру, құқықтық сипаттағы кеңестер алу және баспана мәселелері туралы арыз-талаптарын айтты.

Әр тұрғынның мәселесін егжей-тегжейлі қарап шыққан өңір басшысы, тиісті әкімдіктер мен басқарма басшылығына өтініш білдіргендерге заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, облыс әкімінің қабылдауына жазылу үшін тұрғындарға 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51 нөмірлері бойынша қоңырау шалу қажет. Қабылдауға тіркеу жұмыс күндері сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

 Облыс әкімінің  

баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале