14.06.2023, 13:00
Оқылды: 38

"Өтірік жауаптарыңызды қабылдамаймыз, қайтарып жібереміз". Заитов өртке байланысты Үкіметке шұғыл сауал жасады

Депутат Ринат Заитов Үкіметке шұғыл сауал жолдады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

db89073e-b24b-4a59-b92d-424c6cf7d495

Фото: Massaget.kz

Заитов Абай облысындағы жағдайды өзі барып көріп келгенін айтты.

 - Нақты жауаптарыңызды күтеміз. Аяқ астынан келген апатты жағдай 14 адамның өмірін әкетіп, 60 мыңнан аса гектар жерді отқа орап тастады. Мұның алдын алу үшін бір аптадай уақыт болып жатыр. Қанша техника тартылады көрші облыстардан, қаншама адам келді? Ал нәтижесін ТЖМ мұндай апаттың алдын алуға қауқарсыз болып шықты. Соның себебінен ТЖ министрін қызметінен босатып, облыс әкіміне сөгіс жариялады. Бұл өте орынды қадам. Алдағы уақытта да жауапты адамдардың жіберген олқылықтары қатаң қарастырылуы керек деп ойлаймын.

Мысалы төтенше жағдайларға біздің қауқарсыздығымыз түрлі депутаттық сауалдарға хаттарға үкімет тарапынан "барлығы қадағалауда, өңірлердегі өртке қарсы қамтамасыз етуге дайынбыз" деген жауаптар келгеннің себебі деп ойлаймын, - дейді Ринат Заитов.

Депутаттың сөзінше, іс жүзінде олай болмай шыққан.

- Бұрынғыдай атүсті өтірік жауаптарыңызды біз қабылдамаймыз. Қайтарып жібереміз, оны бірден айтайын. Қажет болса нақты осы жерге келіп жауап бересіздер, - деді Заитов.

Еске салайық, бұған дейін депутат Нұртай Сабильянов Абай облысындағы өртке қатысты ресми сауал жолдаған болатын. Ол өртті анықтауда заманауи технологиялар мен сапалы инфрақұрылым болуы керегін айтты.

С. Сатыбалдина

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале