13.03.2022, 11:00
Оқылды: 26

Өткен аптада азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Бұл туралы Үкіметте өткен жиында айтылды.

A86D6871-076E-4E61-95B0-1CD972B577AD

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Оның ішінде қырыққабат 1,6%-ға, қант 0,6%-ға және картоп 0,5%-ға қымбаттаған.

Өңірлер арасында бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында тіркелді, онда баға 0,8%-ға, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға көтерілгені байқалды.

Премьер-Министрдің орынбасары аталған өңірлердегі әкімдіктердің жұмысын сынға алып, азық-түліктің әрбір атауы бойынша бағаны бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, сауда субъектілерінің рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауын бақылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді тапсырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале