17.12.2024, 13:00
Оқылды: 324

Өткен аптада қазақ спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

IMG_5389

Бокс: Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 10 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлдеге қол жеткізді.

Ауыр атлетика: Бахрейн астанасы Манамада мәресіне жеткен әлем чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медаль еншіледі.

Теннис: АҚШ-тың Флорида штатында өткен теннистен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінде Әмір Омарханов жұптық сында чемпион атанды.

Гандбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында ұйымдастырылған Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Отандастарымыз үшінші орын үшін өткен бәсекеде Иран құрамасынан басым түсті – 28:22.

Үстел теннисі: Норвегиядағы командалық Вальднер кубогі турнирінде қазақстандық Кирилл Герасименко Азия құрамасы сапында өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Кәсіпқой бокс: АҚШ-тың Санта-Инезе қаласында өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде Садриддин Ахмедов өнер көрсетіп, америкалық боксшы Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) 7-раундта нокаутпен жеңді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале