Өткен демалыс күндері жолшылар 2 мың м³ көктайғаққа қарсы материал пайдаланды, деп хабарлайды Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.
Фото: "ҚазАвтожол" ҰК" АҚ-ның парақшасынан
Республикалық автожолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 476 маман мен 302 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта республикалық тасжолдар барлық бағытта ашық.
Бұдан басқа, республикалық жолдардағы су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік және патрульдеу
жұмыстары жалғасуда.
Су басқан учаскелер жоқ.
zhaikpress.kz