3.09.2024, 12:45
Оқылды: 104

Өткен жылы автомобиль жасау саласында өндіріс 30%-ға артқан

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады.

BDE1F06F-EEDB-46D1-8F1F-23714C39703E

Сурет: Үкімет

Ол Үкімет металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау және химия салаларындағы 17 серпінді жобаның тізбесін бекіткенін баяндады. Олардың әрқайсысы бойынша мониторингі, Инвестштаб шеңберінде жүзеге асырылатын іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары бекітілді.

Автомобиль жасау саласы оң динамиканы көрсетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 30%-ға өсті. Сонымен қатар алдағы жылы жалпы өндіріс көлемі 160 мың бірлікті құрайтын 2 ірі жоба пайдалануға беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале