20.02.2021, 19:35
Оқылды: 47

Өткен жылы БҚО-да 20 мәдени нысан жөнделді

-2020 жыл қазақ халқының ұлы тұлғаларының атаулы даталарымен есте қалды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтой құрметіне Еуразия даңғылы - Абай даңғылы болып өзгертілді. Ақын Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлидің мерейтойларына орай республикалық ақындар айтысы өткізілді.

2054FC5D-296C-40A8-9220-4D1E33295B0F

Жұбан ақынның ескерткіші қойылып, Ақжайық ауданында «Жұбан орталығы» ашылды.

Мәдени нысандардың жағдайына тоқталар болсақ, өткен жылы облысымызда 20 нысан жөнделді. Жаңақала ауданы Жаңажол ауылындағы жаңа 150 орындық мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Теректі ауданының Жаңа Өмір ауылындағы 300 орындық,Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылындағы 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы жалғасуда. Ақжайық жұртшылығы мен зиялы қауымның көптен сұрап жүрген 900 орындық концерт залы бар Өнер сарайының құрылысы жүргізілуде.

8678FD02-23F2-435C-A04C-BBC7B10EE0FD

Ішкі туризмді дамыту мақсатында «Жайық қалашығы» мен «Хан ордасы» музей-қорығы бойынша жобаларды іске асыру жоспарымыз бар.

Сондай-ақ биыл Хан ордасы ауылының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ауылдың кіреберіс жолын жөндеуді бастаймыз.

«Өнерсіз елдің - өрісі тар». Халыққа мәдениеттің мәйегін ұсынатын саладағы келіспеушіліктер бізді өрге жетелемейді.

«Ауызбіршілік жоқ жерде ешқашан ұлттық идеялар жүзеге асқан емес» деген Елбасымыз. Сөзімізбен бірге істе де адалдық керек.

53AB1821-F5EA-4978-9726-C0B13F8A84FE

Биыл біз даңқты әнші-композиторларымыз Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығын, Қапан Мусиннің 100 жылдығын және Базарбай Жұманиязовтың 85 жылдық мерейтойларын тойлайтын боламыз.

Сондай-ақ, Сейтек пен Динаның 160 жылдығы мен Тұяқберді Шәмеловтың 70 жылдығын республикалық деңгейде өткізу жоспарымызда тұр.

Жырлары алты алашқа тараған Әбубәкір Кердерінің 160 жылдығы мен Марабай жыраудың туғанына 180 жыл толуына арналған мәдени іс-шараларымызды тиісті деңгейде өткізуіміз қажет.

Жырларынан Абай Құнанбайұлы сусындаған Марабай жырауды ел ішінде кеңінен дәріптеуіміз қажет. Өңір тұрғындары Марабай сынды жерлестерінің еңбектерімен танысып, жастарға насихаттау керек.

Бұл ретте, мәдениет басқармасына шаралардың тағылымдық мәніне баса назар аударуды тапсырамын,-деді облыс әкімі Ғали Есқалиев. Еске сала кетсек, дәл қазір облыс әкімі онлайн режимде халық алдында есеп беруде. Есеп «Aqjayq» телеарнасында, облыстық әкімдіктің ресми сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде өтілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале