23.02.2024, 10:45
Оқылды: 69

Отырарды жаулауға не түрткі болды?

Шыңғыс ханның Отырарды жаулауына себеп Омар қожа бастаған сауда керуенінің жіберілуі еді. Керуенде алтын, күміс, жібек, аң терісі және басқа бұйымдар тиелген 500 түйеге шамамен 450 адамның Отырарға келуі негіз болады.

жп дала

Отырарға келген керуеншілер сапары Қайыр ханның күдігін тудырады. Ол көпестерді ұстап кейіннен барлығын өлтіруге бұйрық береді.

Оны естіген Шыңғыс хан Хорезмшахха «Қайыр ханды бер, сонда бейбіт өмір сақталады» деп талап қояды. Хорезм шах Шыңғыс ханның талабын орындамағаны былай тұрсын, келген елшілерді еліне қайтармай өлтіртеді.

Осылайша сыныққа сылтау іздеген Шыңғыс хан 1220 жылдың қазанында ортаншы ұлдары Шағатай мен Үгедейді Отырарды жаулауға аттандырады.

Отырар қорғанысы бес айға созылады. Отырар билеушісі Қайыр хан қасық қаны қалғанша қамалды қорғағандарымен қала қақпасы ашылғанша соғысып, ақыр соңы тізе бүгеді.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

              («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале