16.01.2022, 13:00
Оқылды: 38

Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекарасын жапты

2022 жылы 15 қаңтардан бастап Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасымен шектесетін мемлекеттік шекарасын екі ел азаматтарының кесіп өтуіне уақытша тыйым салынады.
0eb3db86117540b79fb893196ce41f69

Бұл "омикрон-штаммның" айналымға шығуына байланысты, деп хабарлайды ӨР СІМ баспасөз қызметі.

Елге әуе тасымалы арқылы жететін азаматтарға ерекше артықшылық жасалған, яғни бұл тыйымның оларға қатысы жоқ.

Сондай-ақ елге мынандай жағдайда кіруге рұқсат етіледі:

  • үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлеріне;
  • жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге;
  • ресми (үкіметтік) делегациялардың құрамында болатын адамдарға;
  • дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне;
  • Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Өзбекстан Республикасы объектілерінің, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы объектілерінің қызмет көрсетуші персоналдарына;
  • осы мемлекеттерде инвестициялық жобалар шеңберінде жұмыс істейтін Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына;
  • Өзбекстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Өзбекстан Республикасының азаматтарына.

Толық тізіммен мына арадан танысуға болады.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале