Қытай, Моңғолия және Өзбекстандағы қандастар үшін ҰБТ 2020 жылғы 19 шілдеде өткізілетін болды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
«Түлектер мен ата-аналарының өтінішін ескере отырып, сонымен қатар онлайн форматтағы тестілеуді өткізуге техникалық тұрғыдан тестіленушілердің дайындығы қажет болғандықтан тестілеу шілденің 17-нен 19-на ауыстырылды», делінген орталықтың Facebook-тегі парақшасында. Қандастарға арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу 19 шілде күні таңғы сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) онлайн форматта өткізіледі. Яғни әр тестіленуші үйінде отырып, ҰБТ тапсырады.
«Ол үшін әр тестіленушіге ғаламторға қосылған компьютер (1 024 Mбит/сек- жылдамдығын speedtest.net сайтында тексеруге болады), «Google Chrome» браузері, веб-камера және онлайн форматта Youtube каналына тестілеуді түсіру мүмкіндігі бар смартфон қажет болады. Қосымша ақпаратты 18 шілде күні өтініштерді тіркеген жоғары оқу орындары береді (тестілеуге кіруге арналған сілтеме мен логин/құпиясөз)», делінген хабарламада.
zhaikpress.kz