9.12.2021, 16:50
Оқылды: 44

Өзбекстан мәдениет министрлігінің қызметкерлері тақия киіп жүрмек

Ұлттық дәстүрді насихаттау үшін Өзбекстан мәдениет министрлігінің қызметкерлері енді жұмыста тақия киіп жүреді. Бұл туралы мәдениет министрі Озодбек Назарбеков Конституция күні қарсаңында мәлімдеді.

f09d7f475ec0457197f7ad1b1008b1ea

Шенеуніктің айтуынша, министрлік басшылығы осы бастамасымен ұлттық дәстүрді насихаттауды қолдайтынын көрсеткісі келді.

Назарбековтің бейнеүндеуінде министрлік қызметкерлерінің тақия киіп жүргені көрсетілді. "Мәдениет саласының өкілдерін осы бастаманы қолдауға үндеймін", - деді министр.

Бұның алдында Мәдениет министрлігі Ташкентте TikTok Fest концертін ұйымдастыруға қарсы шыққан. Министрлік бұл шешімін өзбек халқының "ұлттық менталитетіне сай емес" концерт деп түсіндірген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале