19.12.2022, 15:46
Оқылды: 53

Өзбекстанда электромобильдер импорты 3 есеге өскен

Өзбекстанға импортталатын электромобильдер саны шамамен 3 есе өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

221219153312246e

Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, Өзбекстан 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында шетелден жалпы құны 61,3 млн АҚШ долларын құрайтын 1912 электромобиль импорттаған.

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 1 223-ке өскен.

Өзбекстанға әкелінген электромобильдер негізінен мына елдерден импортталған.

  • Қытай – 1675 дана
  • БАӘ – 111
  • Германия – 56
  • Гонконг - 42
  • Литва - 10
  • Корея - 7
  • Басқа елдер – 11 дана

Фото: uza.uz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале