7-18 қазан аралығында халықаралық туризмді дамыту мақсатында Германияның Lernidee Erlebnisreisen туристік компаниясы мен «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы бірлесіп, «Orient Silk Road Express» атты туристік чартерлік пойызы жолға шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.
Пойыз Алматы – Ташкент – Қамаши – Китаб – Самарқанд – Хиуа – Бұхара – Ходжент – Ташкент бағыты бойынша қозғалады.
Осынау чартерлік пойыз Франция, Нидерланды, Бельгия, АҚШ, Германия, Австрия, Ұлыбритания және Канада туристеріне қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,6 млн шетелдік азаматтар Өзбекстанға туристік мақсатпен келген.