28.04.2022, 16:45
Оқылды: 50

Өзбекстанда туыстар бір-біріне үйленбес үшін некеге тұратындар тест тапсырады

Өзбекстанда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап некеге тұратын тұлғалар өз қаржысына молекулярлық-генетикалық тексеруден өтеді. Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісі ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

220428172629015e

Тест тапсыру үшін болашақ жас жұбайлар Өзбекстан Республикалық репродуктивті денсаулық орталығына және оның Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласындағы өңірлік орталықтарына барып, республикалық мамандандырылған гематология ғылыми-практикалық медициналық орталығының зертханасында тест тапсырады.

Бұл ретте омыртқа бұлшықеті атрофиясының генетикалық тасымалдануы расталған некеде тұрған адамдардың деректері Бірыңғай ұлттық тізілімге енгізіледі.

Өзбекстан басшысының «Омыртқа бұлшықеті атрофиясы диагнозы қойылған балаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету жүйесін құру және дәрі-дәрмектерді тегін жеткізу жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, тиісті министрліктерге биылғы 1 шілдеге дейін әзірленіп, мемлекеттік органдарға ұсыну міндеті жүктелді.

Министрлер кабинетi диагностика үшiн алынған биоматериалдарды зертханалық тексеруден өткiзу тәртiбiн көздейтiн нормативтiк құжат жобасын әзірлейді.

Жарлыққа сәйкес, омыртқа бұлшықеті атрофиясы диагнозы қойылған науқас балаларды емдеу үшін дәрігерлердің консультациясын ұйымдастыру және олардың емделуін бақылау үшін жоғары білікті мамандардан тұратын тұрақты жұмыс тобы құрылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале