Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жол ережелесін жиі бұзатын жүргізушілердің әрекетін балдық жүйемен бағалауға бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Фото: pixabay
Әділет министрлігінен мәлім еткендей, өзгеріске сай, жол ережесін сақтамаған жүргізушілерге негізгі жазамен қатар, айып балы қолданылады. Яғни, инспекторлар заңға қайшы әр әрекетке 2 балдан аспайтын мөлшерде баға береді.
Тиісінше, егер бір жыл ішінде олардың көлемі 12-ден асса, жүргізуші 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге көлік басқару құқығынан айырылады.
Жол ережесін бұзғандардың балы бір жыл бойы сақталады, егер осы аралықта ол 12-ден аспаса, онда есеп жойылады.