Кейде адамдарға қарызға батқанын мойындау қиын. Олар "артық шығындалдым, шамамнан асырдым, ақымақтық жасадым" деп айтуға ұялады. Тіпті кейбіреулер банкрот болуға шақ тұрса да, туыстарына көмектесе береді. Өйткені шындықты айтуға қорқады. Мұндайда не істеу керек? Психолог кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Психолог Михаил Лабковский не дейді?
"Өзіңізді жей бермеңіз", – дейді ол.
Оның айтуынша, қарызға "ұят" пен "кінә" сезімін арқаласаңыз, өзіңізді тіпті тұншықтырасыз. Әсіресе жақындарыңыздан жасырып, өтірік айтсаңыз, түпкі мәселе шешілмейді. Ал егер мойындасаңыз, жеңілдеп қана қоймай, көмек те табуыңыз мүмкін: тыңдап береді, жанашырлық білдіреді, қосымша жұмыс ұсынады немесе қаражатпен көмектеседі.
Ең бастысы – қарыз туралы ойдың өзінен қызарып, қысылуды доғарыңыз. Егер жағдайыңыз көтермесе, өзгелерге көмектесуден бас тартуға қорықпаңыз.
Қарыздан шығудың қадамдары
Қаржылай сауатты болуға кеңестер:
Психолог әрі қаржы коучы Наталья Колбасинаның айтуынша, қарызға батқыңыз келмесе, табысыңызға сай өмір сүріңіз. Әркімнің қажеттіліктері әртүрлі, бірақ "қалау" табыстан асып кетпеуі керек.