3.06.2024, 16:30
Оқылды: 25

Пациенттерді қолдау қызметіне қай кезде жүгіне аласыз?

AC23572F-87BD-44C9-A77C-7AC430BB6E0F

Сурет: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Пациенттерді қолдау қызметіне қай кезде жүгіне аласыз?

  • Егер сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге көріну үшін сақтандыру мәртебесінің болуын талап етсе
  • Егер учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса
  • Егер сіз аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса
  • Егер сіз бейінді маманға алдағы бір айға жазыла алмасаңыз
  • Егер медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе
  • Егер сізді ақылы тексерулерге жіберсе немесе 10 жұмыс күнінен артық күту ұсынылса
  • Егер жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса
  • Егер диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз
  • Егер көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса
  • Егер дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса
  • Егер өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз
  • Егер медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале