Өткен жұмада осындай атаумен облыстық тілдерді дамыту басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты облыстық департаментінің превенция және парасаттылық басқармасымен бірлесіп, онлайн режімде рухани-танымдық семинар ұйымдастырды.
Аталмыш семинар қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық білімді жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, әкімшілік тосқауылдарды болдырмау және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау мақсатында өткізілді. Кешті облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Света Ғаниева жүргізді.
– Жемқорлық деген отырған ағашыңды өзің кесу, мемлекетіңе қастандық жасау дегенді білдіреді ғой. Қазақ әуел бастан баланы үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Яғни ұят болады, обал болады, жаман болады деп. Біз де солай тәрбиелендік. Барға қанағат етіп, пейілді тыю керек. Біздің алдымыздағы аға буын өкілдері елдегі қысылтаяң кезде жалақы да алмаған, мемлекеттік қызмет те істемеген.
Бірақ көштен қалмай, саналы ұрпақ тәрбиеледі, сыбайлас жемқорлыққа бармады. Қазір құжаттарды реттеу үшін күнің түскен адамға орамал, конфет алып бару санамызға сіңіп барады. Жемқорлыққа жол бермеу үшін халық заңды жақсы білуі керек. Сонда ғана өз міндеттерін біліп, өзгеге талап қоя алады, - деді жиынға Zoom бағдарламасы арқылы қатысқан Қазақстанның еңбек сіңірген және ҚР Мәдениет саласының қайраткері, жазушы Сәуле Досжан.
Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №93 санынан оқи аласыздар.