Пәкістанда елшілер кортежін алып жүрген полиция көлігі жарылды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: видеодан скрин / Ұлттық арна
Дипломаттардың арасында Қазақстан елшісі де болған.
Пәкістанда 12 мемлекеттің елшілері отырған кортежді алып жүрген полиция көлігі минаға тап болып, жарылған. Дипломаттар дін аман. Алайда үш полиция қызметкері жарақат алып, біреуі қаза тапты.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір делегация өкілдері Исламабадқа оралған. Олар туризм жөніндегі конференцияға қатысу үшін Сват қаласына бағыт алған еді.