14 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері пара алғаны үшін БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Т.Шаяхметов пен осы басқарманың бөлім басшысы А.Ишановты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды. Айта кетейік, Тимур Шаяхметов аталған қызметке биылғы 3 тамызда тағайындалған болатын.
Елжан Ералы
www.zhaikpress.kz