5.03.2022, 9:02
Оқылды: 23

Парасат патшалығы

50F3E444-FB2D-4BBD-BBC8-0C7916FA219B

Әйелдің еркекті қызықтыратын тоғыз түрлі қасиеті бар. Олар: әдемі қол, әсем аяқ, жәудір көз, оймақ ауыз, маржан тіс, жайдары мінез, сыбызғы дауыс, сымбатты тұлға, жарқын жүз.  

*  *  *

Әйел көзі күлімдеп қадалғанға дейін еркек ақылды һәм сабырлы,   қадалғаннан кейін бұл қасиеттердің бәрінен айырылады.

*  *  *

Алдымен ақшаңды ұқыпты ұста, ақшадан гөрі әйеліңді күтіп ұста, ал әйелден де, ақшадан да гөрі анаңды ардақтап ұста.        

*  *  *

Сұлулық пен сымбат, күлкі мен қуаныш – жастықтың серігі, сиықсыздық пен сырқат, айғай мен шу – кәріліктің серігі.

*  *  *

Анаға жол беру, атаға қол беру – әр жастың абыройлы борышы.                                      

*  *  *

Ұрсып айтқан ақыл – ұрып үйреткен сабақ секілді: көңілге қонбайды, ойға дарымайды.

* * *

Құмарлықты көз айтып, тілекті тіл жеткізеді.

* * *

Махаббат бар жерде көз жасы қоса жүреді.  

*  *  *

Әйелге жүз туыстан жақсы жары артық.

*  *  *    

Адамды жас қартайтпайды, бақытсыздық қартайтады.

*  *  *

Шын сүю – өзіңді мүлде ұмыту деген сөз.

*  *  *

Әйел жүрегінің жылуы күліп тұрған күн қызуынан кем емес.

*  *  *

Махаббат – кәріні  жас, алысты  жақын  ететін  ұлы  күш.

*  *  *

Көп қиналтып қолыңа түскен әйел ғана сүйкімді.  

*  *  *

Әйел арсыз болса, сан жерден сақшы қойсаң да пайда жоқ.

*  *  *

Дүниедегі ең тұрақты махаббат – солдат махаббаты.

*  *  *

Қыздай жігітке қыңыр қатын кезігеді.  

*  *  *

Тісі алтынның іші алтын бола бермейді.

*  *  *

Бұйра шаштың бәрі Пушкин емес.

*  *  *

Еңбекқор әйел еріне де, еліне де сыйлы.

*  *  *

Батыр қызға да бай керек.

*  *  *

Ана емшегін ер емеді, жер емшегін ел емеді.

*  *  *

Киім де кісі таңдап жарасады.

*  *  *

Бала – бақыт, келін – құт, кемпір – қазына.  

*  *  *

Адал жар, асыл дос – алтыннан қымбат.

*  *  *

Еріншек келін еңбекшіл ененің арқасында елгезек боп көрінеді.

*  *  *

Ақкөңіл әйелге күйеуінен күшті құдай жоқ.

Әзілхан Нұршайықов,

Қазақстанның халық жазушысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале