ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтің айтуынша, Олимпиаданың ашылуында Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлетші Ольга Сафронова ұстап шығады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: ru.wikipedia.org
«Боксшылардан қазақ елі қашан да үміт күтеді. Дзюдодан басты жұлдызымыз – Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, 60 келі дәрежесінде Елдос Сметов, қыздар арасында 48 келі дәрежесінде Әбиба Әбужақыновада жүлдегер атанады деген үміттеміз»,-дейді министрліктің ресми өкілі.
XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ұлттық құрамадан әзірге 88 спортшы жолдама алды.