10.02.2023, 12:30
Оқылды: 40

Парижде көміртекті азайтуды басқаруға қатысты инклюзивті форум өтуде

Парижде көміртекті азайтуды басқаруға қатысты инклюзивті форум өтуде. Форумға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова онлайн қатысып жатыр.

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды.

28ecbcefe235ad818225f39d1e00260c_1280x720

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы жасыл экономикаға көшудің өсіп келе жатқан өзектілігіне байланысты барған сайын маңызы артқанын айта өту қажет.

«Климаттың өзгеруі, саяси және экономикалық тұрақсыздық, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, шөлейттену, биологиялық әртүрлілікті сақтау, су ресурстарының сарқылуына қарсы күрес қазіргі заманның негізгі жаһандық сын-қатерлері болып табылады және инклюзивті және тұрақты даму үшін маңызды міндеттердің біріне айналуда», - деп атап өтті З.Сүлейменова өз сөзінде.

0b72c1dda863277af66f6f0b0695e5ed_1280x720

Париж келісімінің температуралық мақсатына қол жеткізудегі жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан 2060 жылға дейінгі Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

b28836d1eaf34e1b829b928ba3ddda5d_1280x720

Сондай-ақ, ведомство басшысы технологиялық жаңғырту мен қайта жарақтандырудың маңыздылығын атап өтті, өйткені біздің елдеріміздің экономикалық құрылымын төмен көміртекті даму және көміртекті бейтараптыққа көшу шеңберінде трансформациялау ғылыми, технологиялық және кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Қорытындылай келе, Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықта климаттың өзгеруі саласындағы жаһандық саясатты жүзеге асыруды үнемі қолдайтынын айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале